Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы

 1. ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

      МСАК маманын еркін таңдау учаскеге (МСАК маманына бекітілген МСАК субъектілерінің халыққа қызмет көрсету аумағының бөлігі) бекітілген халықтың санын ескере отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының шегінде жүзеге асырылады.

      ЕМС және (немесе) ЖМС шеңберінде жеке тұлғаларды бекіту ЕМС және (немесе) ЖМС шарттарында көзделген МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

 

      2. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту” мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) іске асырылды.

      МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе “Электронды үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметке тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді мынадай жеке тұлғалар бере алады:

      1) зейнеткерлер;

      2) мүгедектігі бар адам;

      3) бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер);

      4) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтау мемлекеттік басқару органының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған “Бекітілген халық тіркелімі” ақпараттық жүйесіне халықтың МСАК-қа бекітілуін (босатуын) тіркеу мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссияның хаттамасы болса;

      5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер, МСАК-қа жоғары оқу орны ректорының жазған өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы болса;

      6) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;

      7) шет мемлекеттерде туған балалар;

      8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалардың қамқорлығындағылар;

      9) бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтіндер;

      10) бекітуді шарт болған кезде ЕМС шарты бойынша ресімдейтіндер.

      МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары “Бекітілген халық тіркелімі” ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрау салуды ресімдейді. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін).

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеу немесе “Жеке кабинетіне” электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

      ЭҮП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет ЭҮП жүгінген күні көрсетіледі.

      МСАК ұйымы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мониторинг жүргізу мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді көрсетілетін мемлекеттік қызмет мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      2-1. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың ЕМС және (немесе) ЖМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілуі ЕМС және (немесе) ЖМС шартының, еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініштің және жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдік паспорт) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.

      “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық ұйымға бекіту талоны Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың ЕМС және (немесе) ЖМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Бекіту талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.

      МСАК ұйымына бекіту ЕМС және (немесе) ЖМС шарттарының қолданылу мерзіміне жүзеге асырылады.

      МСАК ұйымдары бекітуді сақтандырылушының өзі немесе ЕМС және (немесе) ЖМС шарттары жасалған сақтандырушы ұйым жүгінген кезде жүзеге асырады.

      Отбасы мүшелерін бекіту ЕМС және (немесе) ЖМС шартын және жеке басын куәландыратын құжатты немесе отбасының әрбір мүшесінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты ұсынған кезде еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш негізінде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту жеке басын куәландыратын құжат не тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат болған кезде жүзеге асырылады.

    

      3. Бекіту негіздемелері:

      1) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерту;

      2) МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еркін таңдауын жүзеге асыру;

      3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі – бекіту науқанын) жүргізу;

      4) сақтандырылған адам мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ЕМС және (немесе) ЖМС шарттары бойынша, оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;

      5) өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымына бекітумен келіспеу;

      6) МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату;

      7) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау;

      8) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы;

      9) жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.

    

      4. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, босқындарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдікті және (немесе) азаматтығы жоқ адамды МСАК ұйымдарына бекіту тұлғаның ЭҮП арқылы электрондық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша МСАК ұйымдарына Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, баспана іздеген адамдарды бекіту бекітуге еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі тұлғаның арыз немесе сақтандырылушыға ЕМС және (немесе) ЖМС шарттары жасалған сақтандырушы ұйыммен өтініш беруі арқылы жүзеге асырылады.

   

      5. Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген жеке тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.

 

      6. Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген жеке тұлғалар ЕМС және (немесе) ЖМС шарттары шеңберінде медициналық көмек көрсететін МСАК ұйымынан МСАК алады.

 

      7. МСАК ұйымдары тұратын жері бойынша бекітілген тұлғаларды МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы:

      1) қормен жасасқан медициналық қызметтерді сатып алу шартын бұзған немесе өзгерткен күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;

      2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде;

      3) таңдау рәсімінің қорытындысы бойынша қордың медициналық қызметтердің көлемдерін орналастырмайтындығы туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде жазбаша хабардар етеді.

      “Бекітілген халық тіркелімі” ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы халыққа МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы хабарлама жолдау арқылы, сондай-ақ басқа да тыйым салынбаған ақпараттық құралдар арқылы халықты хабардар етеді.

 

      8. Осы Қағидалардың 10-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекітуді бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылдаған қордан орналастыру қорытындысының хаттамасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде цифрлық денсаулық сақтау субъектісі жүзеге асырады.

      Бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары қорға жыл сайын 20 қарашаға дейін жібереді және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Қадамдық қолжетімділікті ескере отырып, МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары шығарады және жаңадан пайдалануға берілетін объектінің басшысына тіркелген жазбаша хабарлама берілген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қорға жібереді.

      Адамдарды өңірлік комиссия хаттамасының негізінде МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары бекітілген тұлғаларды олардың тұрғылықты жері бойынша жазбаша хабардар етеді. “Бекітілген халықты тіркеу” ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы тұлғаларды хабарлама жіберу, сондай-ақ өзге де тыйым салынбаған ақпарат құралдар арқылы хабардар етеді.

      Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына келіспеген жағдайда, тұлға осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша бекітуді өзгертуге өтініш береді.

         9. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

     

        10. МСАК ұйымынан босату:

      1) қайтыс болуы туралы куәлігінің негізінде бекітілген тұлғаның өлімі фактісі белгілі болғанда;

      2) бекітілген тұлғаның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Жеке тұлғалар” деректерінің мемлекеттік базасынан алынған мәліметтер негізінде елдің шегінен тыс тұрақты тұрған жері өзгергенде;

      3) ЕМС шартының қолданылуы тоқтағанда жүзеге асады.